Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заңсыз курьер болып жұмыс істеген: Алматыда бір топ шетелдік елдеріне жер аударды

Алматыда шетелдіктер заңсыз жұмыс істеп келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Полиция департаменті

Көші-қон қызметі заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтарын анықтады. Олар курьер болып қызмет көрсеткен. Алматы қаласының Бостандық ауданында көші-қон заңнамасын өрескел бұзып жүрген жеті шетелдік ұсталды.


 

Алматыда мүгедектігі бар азаматқа тұраққа төлемегені үшін заңсыз айыппұл салынған


"Олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, қабылдап-тарату орнына жіберілді. Сот шешімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, туған еліне жер аударылады”, — деді Алматы қаласы көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.

Еске салсақ, осыған дейін Алматы облысында шетелдік азамат жасырын медресе ашып, 19 баланы оқытқанын жазғанбыз.

STAN.KZ
Сейсенбі, 23 Шілде, 2024 20:34
Талқылау