"Mega Silk Way" сауда үйінде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
6 сәуір күні 05 сағат 00 мин. бастап таңғы 10-ға дейін "Mega Silk Way" сауда үйінің жағдайында (Қабанбай батыр даңғылы, 62) терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабтың күштері мен құралдарының лаңкестік әрекетке шұғыл әрекет ету бойынша оқу-жаттығуларын өткізу жоспарлануда.
Сауда орталығының айналасында шектеулер бар.
“Осыған орай, азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, қатысы бар мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз”, – делінген Терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штаб хабарламасында.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”