Футболдан Катар ұлттық құрамасы Азия кубогын жеңіп алды
Футболдан Катар ұлттық құрамасы Азия кубогының финалдық ойынында Иорданияны жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: championat.com
Матч сенбі күні Лусаил қаласындағы (Катар) Лусаил Иконик стадионында өтті. Турнир қожайындары 3:1 есебімен басымдық танытты.
Ойынның 22-минутында катарлық шабуылшы Акрам Афиф пенальтиден гол соғып, командасын алға шығарды. Иордания 67-минутта шабуылшы Язан Аль-Найматтың голының арқасында таразы басын теңестірген. Алайда бар-жоғы бес минуттан кейін катарлықтар тағы да айып добын орындау құқығына ие болды, бұл жолы Афиф пенальтиден мүлт кетпей командасын қайта алға шығарды. 90+4-минутта Акрам тағы да пенальтиден гол соғып, ойынның нүктесін қойды.
- Футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары белгілі болды
- Футболдан Қазақстан құрамасына Еуропаға қарағанда Азияда ойнаған тиімді ме – Футболшылар пікір білдірді
Жалпы есеп 3:1 болып аяқталды.
Еске сала кетейік, Катар құрамасы бұған дейін 2019 жылы БАӘ-де өткен турнирде бұл жүлдені жеңіп алған еді.
Ал Азия кубогында ең көп жеңіске жеткен Жапония құрамасы. Бұл елдің футболшылары төрт рет жүлдеге қол жеткізген.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
