Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында жұмыссыз азамат алаяқтық бойынша 42 істе күдікті деп танылды

Жамбыл облысында жұмыссыз азамат адамдарды алдап, ақшасын алып келген. Анықталғандай ол 42 алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет Polisia.kz-тен

Іс бойынша полицейлерге облыс тұрғыны хабарласып белгісіз біреудің әлеуметтік желідегі парақшасын бұзғанын айтқан. Осылайша алаяқ оның атынан достарынан ақша сұрап, 55 мың теңге көлемінде шығын келтірген.

“Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді. Жедел уәкілдер дереу қажетті шараларды бастады. Қолданылған шаралардың нәтижесінде олар күдікті – жұмыссыз Жамбыл облысының тұрғыны екенін анықтады. Тәртіп сақшылары оны Шымкенттегі жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстады. Полиция бөліміне жеткізілген кезде жас жігітке Астана соты осыған ұқсас 42 қылмыстық іс бойынша іздеу салғаны анықталды”, – делінген хабарламада. 

Полиция дерегінше, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын шамамен 2 миллион теңгені құрайды. 

Талқылау