Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Есепші мен директор қызметінен кетті": БҚО-да мектеп мұғалімдері 57 миллион теңге мемлекетке қарызға батқан

БҚО-да мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері 57 миллион теңге мемлекетке қарыз болып шықты. Ұстаздар осы уақытқа дейін келісімшарттағы сомадан жоғары ақы алмағанын айтады. Ал басшылық керісінше, артық қаражатты қызметкерлер қалтасына басқанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет сюжеттен скринделген

БҚО-ның ауыл мектептерінің бірінде жанжал шықты. Ұстаздар мен қызметкерлер бұл жайтты жазғы демалыстан кейін ғана білген. Мұғалімдер мұндай қарыздың қайдан шыққанын білмейді.

Мұғалімдер ғана емес, күзетші, тіпті тазалықшы әйел де барлығы 73 ада 57 миллион ​​теңгеге қарызға батқан. 

“Менің 0,5 бойынша 9 сағатым бар. 1 миллион 100мың теңге қарызым бар. Алғашында 2 миллион деді, кейін 1 миллион 300 мың деп қайта есептегенде соңында 100 миллион теңге шығарып берді. Мұны жасағандар жағдайды ретке келтірсін. Бірақ олар бізді кіналап жатыр. Осы уақытқа дейін түрлі қағаз құжаттарымен шауып жүрміз. Енді ешқайда бармаймын деп шештім. Еңбек еткеніме 38 жыл болды. Қазір өзімді қорланғандай сезінемін”, – деді оқытушы-психолог Светлана Сармина. 

Облыстық білім басқармасы мектеп қызметкерлері 2021 және 2022 жылдары жоғарылатылған жалақы алғанын айтады. Бірақ мұны мұғалімдердің ешқайсысы байқамады.

“Әрбір қызметкер қанша алатынын біледі. Ай сайынғы табысынан артық алатынын көрсе, ескертуі керек еді. Қазір әрбір ұстаз сауатты, санауды біледі. Ешкімді ренжіткім келмейді. Бірақ 73 қызметкер ұзақ уақыт бойы көп алып келгенін біледі”, – деді Облыстық білім басқармасының орынбасары Клара Меңдіғалиева.

Мұғалімдер облыстық экономикалық тергеу департаментіне хабарласқаннан соң, әтижесінде мектеп директоры мен есепші жұмыстан босатылды. Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс қазірдің өзінде сотқа жіберілген.

Талқылау