Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман бірнеше оятқыш сигналын қою денсаулыққа қауіпті екенін айтты

Пенсильвания университетінің психиатрия профессоры Матиас Баснер бірнеше оятқыш сигналды қойып жату ұйқының сапасын нашарлатып, денсаулыққа қауіпті болатынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі HuffPost порталына сілтеме жасап хабарлайды.  

Сурет pexels-тен

Профессор денені қалыпқа келтіруде үзіліссіз ұйқының маңызды екенін алға тартты. Сондықтан маман тек бір оятқышты орнатып оның сигналынан кейін бірден тұруды ұсынды.

"Алғашқы дабыл соққаннан кейін тұрмасаңыз, қайта жалғастырған ұйқының еш пайдасы жоқ", - деді Баснер.

Психиатр бірнеше оятқыш сигналынан кейін тұрған адамдар күні бойы шаршаңқы жағдайда жүретінін қоса кетті. Оның айтуынша, бұл ұйқының жылдам фазасын үзген жағдайда орын алады. Дыбыс оянғанға дейін миға енеді.



Ал Нейролог Патрик Фуллер үзілген ұйқы денсаулыққа қауіп төндірсе де, кейде бірнеше оятқыш сигналын қоюдың дұрыс екенін алға тартты. Дәрігердің айтуынша, егер адам кеш, шаршап ұйықтаса сигнал оны терең ұйқы фазасынан оятқан кезде әлде де сергек ояну үшін тағы жарты сағат көз іліп алған дұрыс.

Талқылау