ХAМАС ұйымы ұрлап кеткен неміс азаматшасы Шани Луктың тірі екені туралы хабар тарады
ХAМАС ұйымы ұрлап кеткен неміс азаматшасы Шани Луктың анасы оның қызы тірі болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: видеодан алынды. Суретте Шани Луктың анасы
Қыз Газа секторындағы ауруханада жатқан көрінеді.
Музыкалық фестивальде ХАМАС ұйымы ұрлап кеткен қыз басынан ауыр жарақат алып, Газа секторындағы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Bild және Tagesschau басылымдары Рикарда Луктың (Шанидің анасы) мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Біз Шанидың тірі, бірақ басынан ауыр жарақат алғаны және жағдайы ауыр екендігі туралы ақпарат алдық. Қазір әр минут маңызды", – делінген ақпаратта.
Шанидің жағдайы туралы "Палестиналық дереккөздерден" білгені белгілі болды. Бұл ақпарат расталмаған.
Рикарда өз үндеуінде Германия билігін қызын Газа секторынан шұғыл эвакуациялау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға шақырады.
Талқылау