"3 миллион теңге беріп жібермек болған": Қостанай облысында алаяққа алданған зейнеткердің ақшасын такси жүргізушісі қайтарды
Қостанай облысында алаяққа алданып, ақшаны беріп жібермек болған зейнеткердің 3 миллион теңгесін такси жүргізушісі қайтарып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет сюжет кадрларынан
Листаковск тұрғыны – 87 жастағы кейуанаға алаяқтар телефон соғып, қызының жол апатына ұшырағанын айтқан. Қызының емі үшін ақша беруді сұраған. Осылайша, азық-түлік салынған сөмкеге үш миллион теңге салып, зейнеткер такси жүргізушісі арқылы оларға беріп жібермек болған. Қырағы такси жүргізушісі бұл жердегі гәпті бірден аңғарған. Ол тұрғынның оқиғасын полицияға ескертіп, арызданған.
“Серік Нағашпаев кетіп бара жатып, сәлемдемеде бірдеңенің дұрыс еместігін түсінген. Ол полицияға ескертіп, кейуананың кім екені анықталған”, – деді Қостанай облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Дәурен Нұғманов.
Сарапшылардың айтуынша, алаяқтар бұрынғы схемаларға қайта қолдануда.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ