Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда алаяқ жоқ пәтерді жалға беріп, қаржыны бәс тігуге жұмсаған

Қарағанды қаласында жоқ пәтерді жалға беріп, үш тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

видео

Видеодан скриншот

Полиция мәліметінше, жәбірленуші пәтерді жалға алу үшін хабарлама берген адамға алдын ала 10 мың теңге ақша жіберген. Кейін сол үйге келіп кірмекші болғанда ол жерде басқа адамдардың тұрып жатқанын біліпті. 

“Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы және Қарағанды қалалық полиция басқармасының киберпол қызметкерлері кешенді жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Ұлытау облысы, Жезқазған қаласынан 23 жастағы күдіктіні қолға түсірді”, – делінген полиция басқармасында. 

Күдікті жәбірленушілердің ақшасын букмерлік мекемеде құмар ойындарға бәс тігу үшін жұмсаған екен. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес іс қозғалды.

Талқылау