Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың көпшілігі үш мезгіл тамақтануға үлгермейді: Alpen Gold, Milka шоколадын өндіруші компания ерекше зерттеу жасады

Көпшілік үшін сүйікті тіскебасарға айналған Alpen Gold, Milka, Toblerone шоколадтары, Oreo, “Барни аю”, Tuc тұзды снегі мен Dirol сағызын өндіруші компаниясы туралы не білесіз? Әлемдік нарықта осындай танымал өнімдерімен сұранысқа ие болған Mondelēz Қазақстан жақында JD Expert агенттігімен бірлесіп, алғаш рет Қазақстанда тұрғындардың қалай тамақтанатынына зерттеу жүргізді. Нәтижесінде 41% тұрынның үш мезгіл тамақтануға қарағанда, шағын тіскебасарлармен жүрек жалғайтыны анықталды.

“Қазақстандықтар қалай тамақтанады және немен жүрек жалғайды?”. Осындай тақырыпта еліміздің 17 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қала тұрғындары арасында зерттеу жүргізілді. Сауалнамаға 18 жастан асқан барлық өңірлер мен қалалардың тұрғындары, түрлі табыс деңгейі бар, жұмыспен қамтылған ерлер мен әйелдер қатысты. 

Бүгінде адамдардың күнделікті тіршілігі қызу қарбаласқа толып, күрделене түсуде. Осыған орай көпшілік үш мезгілдік ас ішуден көрі, аз-аздан, жиі-жиі тіскебасарлармен жүрек жалғауды таңдайды. Мәселен, жоғарыдағы зерттеудің нәтижесі 41% қазақстандықтың дәл осындай режимде тамақтануды жөн көретінін анықтады. Сауалнамада тұрғындардың 59%-ы күніне үш рет (таңғы, түскі және кешкі асты) қалдырмайтынын айтса, 78%-ы кем дегенде екі мезгіл ғана тамақтанып, қалған уақытта жеңіл тоқбасарларды таңдайтынын жеткізген.

“Мон’дэлис Қазақстан” ЖШС директоры Олег Савчук компанияның бұл зерттеуінің негізгі мақсаты ел тұрғындарының тамақтану әдеттері мен мәдениетін түсіну болғанын алға тартты.

“Жұртшылық біздің компаниямыздан бұрын өнімдерімізді жақсы таниды. Бүгінде 150-ден астам елде өнім таратамыз. Атап айтқанда, шоколад, печенье және тәтті нан өнімдеріне басымдылық берудеміз. Біздің шоколадтарымыз әлем бойынша екінші орында, печеньелеріміз бірінші орында сұранысқа ие. Осы тұста компаниямыздың мақтанышы, әлемдік брендке айналған Oreo печеньесін де атап өткім келеді. Көпшілкке пайдалы әрі керемет әсер беретін тіскебасарларды өндіруді жалғастырудамыз”, – деді Олег Савчук. 

Снекинг – күні бойы жеңіл тіскебасарлармен жүрек жалғау әдісі. Бүгінде мұндай тамақтану әдеті бүкіл әлемде қарқын алып, адамзаттың жаңа тұтыну стиліне айналуда.

Компанияның маркетинг бойынша директоры Мария Комбарова снекингтің тамақтану саласында үлкен маңызға ие екенін атап өтті.

“Жұртшылық бүгінде тіскебасарларды таңдап, аздаған уақыт арасында тез жүрек жалғап алуға тырысады. Дегенмен бұл таңғы, түскі астар мүлдем жойылды деген сөз емес. Себебі олардың орнын баса алатын құнарлы тіскебасарлар да өндірілуде. Көпшілік ашыққан кезде жаңғақтар мен жемістерді тұтынғанды жөн көреді. Алайда жұртшылық арасында құнарлы әрі ең танымал тіскебасар печенье болып шықты”, – деді Мария Комбарова.

Маман қазір адамдардың денсаулыққа аса мән беретінін қоса кетті. Айтуынша елімізде 68% тұрғын қаптама сыртынан құрамды міндетті түрде тексереді екен. Дегенмен саулыққа қарағанда дәмнен ләззат алуды құп көретіндер де жоқ емес. Қатал диета ұстануға қарағанда, қалауынша дәмдерден керемет әсер алып өмір сүруді таңдайтындар да бар.

Mondelēz Еуразияның медиа менеджері Сандуғаш Бейсенованың айтуынша 2025 жылға қарай компания өнімдерінің барлық қаптамасында тіскебасарды күніне қанша нормада тұтыну керек екені туралы кеңестер жазылатын болады.

“Қанша қарбаласқан өмір салты болсын, үлкен дастархан басында жақындармен жиналып, тамақтану қанымызға сіңген дүние. Дегенмен бұл снектердің маңыздылығын жоғалтпайды. Себебі халқымыздың көп бөлігі таңғы, түскі, кешкі астар арасында кішігірім тіскебасарлармен жүрек жалғап жатады. Біз үшін адамдардың өнімдерімізді тұтыну кезінде денсаулығына алаңдамағаны өте маңызы. Сенім ұялату үшін барынша жұмыс істейміз. Ізденісте болып, дәрумен, жеміс-жидектерді құрамға көбірек қосуға тырысамыз. Одан бөлек, біздің өнімдер халал талаптарына сай. Биыл көптеген брендтеріміз халал сертификатын алды”, –деді Сандуғаш Бейсенова.

“Мон’дэлис Қазақстан” ЖШС –  Mondelēz International компаниялар тобына кіреді. Компания Қазақстан нарығында 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Кеңсе қызметкерлері Алматы қаласында орналасқан Қазақстандағы дистрибуциядан басқа, “Еуразия” кластерінің Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Монғолия, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерінде коммерциялық қызметті қолдауға жауапты. Бұл елдердің көпшілігінде компания шоколад, печенье, сағыз және кәмпиттер санаттарында жетекші орын алады.

Компания Еуразиядағы тұтынушыларға Alpen Gold шоколады, Milka Picnic, Toblerone, “Юбелейное” печеньесі, Oreo, “Барни аю”  және  Milka, Tuc тұзды снегі, Dirol сағызы  және Halls кәмпиттері сияқты танымал брендттерді ұсынады. Одан бөлек, жаңа бренд 7 Days круасандарын да тұтынушыларына танытуда. 

Талқылау