Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"2050 жылы осындай көрініс болады": Маңғыстау облысында бауырлар қоқыс полигонда үйлену тойына арналған фотосессия ұйымдастырды

Маңғыстаулық ағайынды екі адам – ​​эколог Нұркен мен фотограф Нұрбол Салиевтер экологиялық мәселелерге назар аударып жұртшылыққа ой салатын фотосуреттер жариялады. Олар адамзат табиғатқа немқұрайлы қарауды тоқтатпаса, 2050 жылы тойдың қандай болатынын халыққа көрсету үшін полигонда фотосессия жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Лада порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Эколог Нұркен Салиев мамандығы бойынша Қазақстандағы экология департаментінде жұмыс істеген. Қазір экокәсіпкер ретінде қалдықтарды жинап, сұрыптайды. Ал бауыры Нұрбол Салиев алаңдағы қоқыстарды жинап, фотосессия жасаған кәсіби фотограф.

Фотосессияның басты мақсаты – егер адамдар пластикті пайдалануды азайтып, қайта өңдеуді қолға алмаса, 2050 жылы тойдың қандай болатынын көрсету болған екен.

"Бұл әзірге шынымен тойға арналған фотосуреттер емес. Бірақ қалдықтарды сұрыптау мәселесін шешпесек, пластмассаны пайдалануды тоқтатпасақ, 2050 жылы осындай көрініс болады. Мен өзім мамандығым бойынша экологпін. Бұл салада жеті жылға жуық жұмыс істеп келемін. Ағам екеуміз қалдықтар мәселесін көтеру арқылы, болашақта не болатынын адамдарға көрсету үшін фотосуреттерді қолдануды шештік. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Идеялар көп, халқымыздың экологиялық мәдениетін көтергіміз келеді", – деді Нұркен Салиев.

Талқылау