Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еттен бас тарттым": Қазақстандық блогер ең төменгі жалақы - 70 мың теңгені бір айға жеткізіп көрді

Қазақстандық блогер елдегі ең төменгі жалақы 70 мың теңгені бір айға жеткізіп, өмір сүріп көруді шешті. Ол осы ақшаның үнемдегеннің өзінде қаншалықты жететініне тәжірибе жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Экспериментті бастаған қазақстандық блогер, музыкант, қоғам қайраткері Глеб Пономарев. 

"Үш жыл бұрын айына 50 мыңға өмір сүрген кездерім болды. Енді мен осы тәжірибені қайталауды шештім. Ең төменгі жалақыға қаншалықты жағдайда өмір сүруге болады. Көреміз”, – деді Глеб Пономорев.

Глеб пәтердің жалдау ақысын тәжірибе барысына қоспады. Дегенмен
коммуналдық төлемдерді сол ақшадан төледі. Осылайша 70 мың теңгенің 15 мыңы коммуналдық төлемге жұмсалды. Тұрмыстық химиялық заттарды да алу қажет. Блогер ең арзанын таңдап, сүйікті кофе, фастфуд, алкоголь және басқа да қосымша шығындардан бас тартқанын айтты. 

"Астанадан керемет тазалық қызметін таптық. Бірақ әрине, оларға тазалық үшін 20 мың теңге төлей алмаймын. Сондықтан бәрін өзім істеймін. Біз барынша үнемдейміз!" Алғашқы үш күнде жол шығынға қосылды. Сауда жасауда супермаркеттердегі бағамен салыстыра отырып, базарға баруымды ұсынды. Енді бір ай бойы барлығына шамамен 52 мың теңге қалды. 

Алдағы күндерге арналған өнімдер сатып алдым. Мұнда ең негізгісі тауық еті, қаңылтыр қалбырдағы бұқтырылған ет, жасыл, жарма, көкөніс, пияз. Осы өнімдердің барлығы 11300 теңгеге шықты. Қызығы, бұл азық-түлік 5-6 күнге ғана жетеді деп ойлаймын”,  – деп қосты ол. 

Глеб аз қаражатты үнемдегенмен денсаулыққа пайдалы тағамдардың да қажет екенін алға тартты.

"Мен осы кезеңде ауырмау үшін калорияны, ақуыздар мен майларды, көмірсуларды қажетті мөлшерде тұтынуым қажет. Дегенмен ет сатып ала алмадым. Оның орнына бұқтырылған түрін алдым. Қымбат болғандықтан, ет жеуден бас тартамын. Басқалай тауық пен жұмыртқа сатып алдым”, – деп қосты блогер. 

Бұл тәжірибе ақша мен уақыт таусылғанша, 31 күнге жоспарланған. Айта кететін жайт шығындар ішінде суық тию, ауырып қалу сияқты күтпеген жайттардың шығыны есептелмеген. 70 мың теңге ең төменгі күн көруге жетеді деген сөз емес, ең төменгі жалақы деңгейі. Жұртшылық мұндай қаражаттың инфляцияны ескерсек, бір айға жетпейтінін айтады.

Талқылау