10 миллион еуро бөлінген: Тұран жолбарысын Қазақстанда реинтродукциялауы керек WWF Russia қызметі тоқтатылды
Эко белсенді Сәкен Ділдахмет әлеуметтік желіде Тұран жолбарысының тағыдырына алаңдаушылық білдірді. Себебі жолбарысты реинтродукциялау жөніндегі меморандумға қол қойған WWF Russia табиғат қорының қызметі Ресейде қажетсіз деп танылған. Ал бағдарлама үшін 10 миллион бөлінген екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сәкен Ділдахметтің дерегінше, Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы Ресей аумағында "WWF Russia - Дүниежүзілік табиғат қоры" халықаралық үкіметтік емес ұйымының (иноагент ретінде танылған) қызметін қажетсіз деп таныған.
“2017 жылы Қазақстан Үкіметі WWF-пен Қазақстанда жолбарысты реинтродукциялау жөніндегі меморандумға қол қойды. Кейін олар бізге осы бағдарлама үшін 10 миллион еуро бөлді. Ал қордың ресейлік өкілдері осы ақшаның барлығын жобаның негізгі операторлары ретінде өздеріне алды. 2018 жылы Іле-Балқаш резерваты жолбарыстар үшін арнайы құрылды. Бірнеше жылдан бері бұл жоба WWF Russia-мен жүзеге асырылуда”, – деп жазды ол Facebook парақшасында.
Сонымен қатар эко белсенді WWF Russia-ның қандай мәселесі барын айтты.
“Қадағалау ведомствосының дерегінше, WWF Ресей аймақтарындағы экологиялық жағдай туралы ақпарат жинау және Ресей Федерациясының экономикалық дамуын шектеуге бағытталған "тәуелсіз" тенденциялық бағалауларды дайындау үшін үкіметтік емес ұйымдар бақылауындағы үлкен желі құрған. Осы мәселеге байланысты Ресейдің Дүниежүзілік табиғат қоры (бұрынғы Ресейдің WWF-ы) "World Wide Fund for Nature-мен" қарым-қатынастарын тоқтатып, "Панда" логотипі мен "WWF" аббревиатурасын қолдану туралы келісімді бұзды. Енді “жолбарыс жобасының тағдыры не болады” деген өзекті сұрақ туындайды. Өйткені, Ресейдің WWF енді жоқ. Олар қалған ақшаны Швейцарияға немесе Қазақстанға қайтара ма?”, – деп жазды Сәкен Ділдахмет.
Жағдайға байланысты экология министрлігі пікір білдіріп, жағдайдың жолбарысты реинтродукциялау бағдарламасына әсер етпейтініне сендірді.
"Қазақстандағы жолбарыс бағдарламасын Қазақстан Үкіметі WWF қолдауымен 2017 жылы Қазақстан Республикасының вице-премьері, Ауыл шаруашылығы министрі және Халықаралық хатшылықтың Бас директоры WWF Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (Швейцария) қол қойған жолбарысты реинтродукциялау бағдарламасын іске асыру туралы меморандум негізінде жүзеге асырады.
WWF-тің Орталық Азия елдеріндегі жұмысы 1998 жылдан бері жүргізіліп келеді және оны барлық 5 елдің үкіметтері қолдады. Ресей мемлекеттік органдары мен WWF арасындағы қарым-қатынастардың өзгеруі Орталық Азиядағы WWF бағдарламалары мен жобаларына әсер етпейді. Сондықтан жолбарысты реинтродукциялау бағдарламасы ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы барлық басқа жобалар өзгеріссіз жалғасуда”, – делінген хабарламада.