Батыс Қазақстан облысында далада 150-ге жуық өлі киік табылды
Батыс Қазақстан облысында далада 150-ге жуық өлі киік табылды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі экология министрлігі таратқан ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.
“19 мамыр күні сағат 18:00 шамасында Жәнібек ауданы Күйгенғұл ауданы аумағында Ащыөзек өзенінің жағасынан Жәнібек бекінісінің тобы 150-ге жуық өлі киікті тапты. Олардың көпшілігі, атап айтқанда 95% - жас төлдер (биылғы жылдың жас жануарлары) және 5% аналықтар”, – делінген сенбіде тараған ақпаратта.
Анықталғандай, жануарлардың мәйіттері 300 м радиуста болған.
- "Ірі қара мал да өле бастаған": Батыс Қазақстан облысында киіктер тас кенеден қырылып жатыр
- Солтүстік Қазақстан облысында браконьер – полицей ұсталды
“Табылған жерге патологиялық материалдарды, сондай-ақ өсімдіктердің, топырақтың және ауаның үлгілерін іріктеу үшін Бөкейорда қорығының қызметкері, Жәнібек ауданының ветеринарлық станциясы мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің өкілдері жіберілді. Қажетті іс-шаралар аяқталғаннан кейін өлген жануарлар Жәнібек әкімдігінің күштері мен "Охотзоопром" МКК қызметкерлерімен жойылады”, – делінген ақпаратта.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
