Оқушының ернінен сүйіп, тілін шығарған діни қызметкер сынға қалды
Буддистердің рухани жетекшісі Далай-Лама өзімен кездесуге келген оқушылар арасындағы баланы қорлағаны үшін сынға қалды. Ол құшақтасып, көрісуді жөн көрген балаға тілін шығарып соруын сұраған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап.
28 ақпанда буддистердің рухани жетекшісі Далай-Лама M3M Group қайырымдылық қорының оқу бағдарламасын аяқтаған 120-ға жуық мектеп оқушыларымен кездесті.
Осы кездесу барысында оқушылардың бірі Далай-Ламадан құшақтауға рұқсат сұрағаны бейнежазбаға түсіп қалған. Мұнда рухани жетекші балаға бетін көрсетіп, ол оның бетінен сүйіп, құшақтайды.
83 жастағы Лама кейін баланың ернінен сүйіп, маңдайын маңдайына жақындатып, тілін шығарып, сор деген. Жиналғандар күле бастайды. Ал бала тілін шығарып, ер адамнан сәл алыстаған. Кейін Лама оқушыны тағы бірнеше рет құшақтап, айналасында тыныштық пен бақыт тудыратын адамдармен сөйлесуге кеңес берген.
Шығыс Азия институтының зерттеушілерінің пікірінше, тілді шығару Тибет мәдениетінде дәстүрлі түрде құрмет немесе келісім белгісі саналады және сәлемдесу ретінде де қолданылады екен. Мысалы, Брэд Питт түскен "Тибеттегі жеті жыл" фильмінде Питттің кейіпкері оған тіл шығаратын бір топ баламен жүздеседі. Алайда фильм олардың әрекетін түсіндірмеген.
Тибет фольклорында будда мәдениетінің адамдары қатыгездігімен аты шыққан және қара тілі бар IX ғасырдағы Тибет патшасы Ланг Дармамен байланысын үзу үшін тілдерін шығара бастаған деген ақпарат бар. Буддистер өлгеннен кейін реинкарнацияға сенетіндіктен, бұл дәстүр адамдарға патшаның реинкарнациясы емес екенін, оның зұлым істерімен байланысты емес екенін көрсету үшін пайда болған деседі. Алайда еш жерде тіл сору әрекеті туралы сөз қозғалмаған.
Бұл оқиғадан соң Далай Лама сынға ұшырап, кейбір желі қолданушылары рухани көшбасшының әрекетін орынсыз деп санады.
Балалар құқығын қорғаушы Шола Мос-Шогбамиму “ойын мінез-құлық желеуімен балаларды қорлау қалыпты жағдайға айналмауы керек”, – деп жазды.
Ал кейбір тибеттік белсенділер керсінше, мұның жай ғана әзіл-қалжың екенін және Далай Ламаға "тибеттік көзқарасы" үшін шабуыл жасалып жатқанын болжады.
1989 жылы Нобель Бейбітшілік сыйлығын алған Далай Лама кейін бала мен оның отбасынан көпшілік алдында кешірім сұрап, болған оқиғаға өкінетінін айтты.