Қазақстанда әскери борышын өтегендердің ЖОО-да тегін оқуына 3000 грант бөлінеді
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмадиев әскери борышын өтеген азаматтардың университетте тегін оқуына 3000 грант бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, 25 қазанда қорғаныс министрі 44 жоғары оқу орнымен әскери борышын өтегендерге 3000 грант беру туралы меморандумға қол қойған.
“Демек, бір жыл әскерде қызмет өткергендер осы жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз түсе алады. Сондай-ақ әскерде жақсы нәтиже көрсеткендер ЖОО есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болады”, – деді Ахмадиев.
Айта кетсек, жақында қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредитке "демалыс беру" туралы келісімді жариялайды. Яғни, сарбаздардың кредиті мерзімді қызмет кезінде 13 айға тоқтатылады. 12 ай қызмет ету мерзімі + 1 ай жұмысқа орналасуға беріледі.
Сонымен қатар, қорғаныс министрлігі әскерден кейін сарбаздарды жұмысқа орналастыру үшін кәсіпорындармен келісім жасауды жоспарлап отыр.
Талқылау

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
Соңғы күндері қазақстандық билік Гүлнәр Бажкеноваға бірнеше мәрте ескерту жасады

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
Екатерина Жанғарина: "Екі үлкен шәугім сүті бар шай беріп, "құя бер" деді"