Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде халықтың атаулы ақшалай табысы 130 мың теңгеден асты

2021 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша айына орта есеппен 130 616 теңгені құрады және атаулы мәнде 2020 жылмен салыстырғанда 12,4%-ға өсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жалақыОсы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың 8%-ға өскенін ескерсек, халықтың нақты ақшалай табыстары 2020 жылмен салыстырғанда 4,1%-ға жоғарылады.

2021 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысының мөлшері бойынша ең жоғары мән Атырау облысында (251 597 теңге), ең төменгі мәні Түркістан облысында (69 105 теңге) байқалды.

Халықтың атаулы ақшалай табысы – бұл халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және жинақтауға бағытталған ақшалай қаражаты. Оның шамасы есептеу әдісімен макродеңгейде анықталады және халықтың жалдамалы жұмыс пен өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен ақшалай табысы (жалақының жасыру мен статистикалық есептілікпен қамтуға келмейтін жұмыс істейтін халықтың санына санап шығумен) мен әлеуметтік трансферттердің төлемін бағалау көрсеткіші қосылады.

Орташа жан басына шаққандағы табыс табыстың жалпы сомасын тұрақты халық санына бөлу арқылы есептеледі.

Нақты ақшалай табыс – бұл инфляция деңгейінде түзетілген номиналды ақшалай табыс.

Бағалау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі №214 бұйрығымен бекітілген. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 21 қыркүйекте №14350 болып тіркелген, Халықтың атаулы ақшалай табысын есептеу (бағалау) әдістемесі негізінде жүргізілді.

STAN.KZ
Жұма, 07 Қазан, 2022 15:37
Талқылау