Батыс Қазақстан облысында 24 пәтерлік 2 тұрғын үй ашылды
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында 24 пәтерлік 2 қабатты 2 тұрғын үй нысыны ашылды. Нысан "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық бағдарламасы аясында салынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев аудан тұрғындарын құттықтап, баспана иелеріне пәтер кілтін табыстады. Тұрғын үйлерді аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысымен "Нұр Құрылыс-болашақ" ЖШС салған.
Пәтерлі болған 24 отбасының ішінде 2 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Сонымен қатар 8 леуметтік осал топтағы отбасы, 5 көп балалы отбасы, 5 мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік және әскери қызметкер, тұрғын үйі апатты деп танылған 4 отбасы баспаналы атанды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн