Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмірін баласына арнап, мүлдем жұмыс істемеген аналардың зейнетақысы қалай реттелмек? Министр жауап берді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бар өмірін балаларына арнап, мүлдем жұмыс істемеген аналардың зейнетақысы қалай белгіленетінін айтты. Сөзінше, мемлекет мұндай аналардың әр баласына байланысты 3 жылдық еңбек өтілін қосып береді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр зейнетақы жинағы төмен аналарға бала санына қарай еңбек өтілі берілетінін айтты.

“Егер ана өмірін баласына арнап, соған қараған болса, әр балаға 3 жылдан қосымша еңбек өтілі беріледі. Сондықтан ең кем дегенде мемлекет 4 бала дүниеге алып келген аналарға 12 жылдық еңбек өтілін сыйлаған. Сонда аналар ең кем дегенде 65 мың теңгеден жоғары зейнетақы алады”,- деді Тамара Дүйсенова.

Министр сонымен қатар заң аясында зейнетақы тағайындау кезінде адамның еңбек деңгейі мен күнкөрісіне байланысты мәліметтері де ескерілетінін жеткізді.

“Еңбекақы 70 мың теңгеден кем болмауы керек. Мамандығы, білімі бар азаматтар  70 мың теңгеден жоғары алуы керек. Бұл осыған қарап еңбекақы, мен жәрдемақыны есептеу болып табылады”,- деп қосты министр. 

Тамара Дүйсенова денсаулыққа зиянды жұмыс орнында істейтін шахтерлерге байланысты олардың зейнетке 50 жастан бастап шыға алатынын мәлімдеді. Сөзінше, мұндай қызметтегілерге зейнетақы қорларын жинақтау мәселесі Ұлттық банкпен бірлесе жасалмақ. 

Талқылау