Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр: Студенттердің үгіт-насихат жұмысына араласуына жол берілмейді

20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауында студенттердің үгіт-насихат жұмысына араласуына жол берілмейді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Саясат Нұрбек 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауында студенттердің үгіт-насихат жұмысына араласуына жол берілмейтінін жеткізді. 

“Біріншіден, біз Жаңа, әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Президент студенттердің үгіт-насихат жұмыстарына араласпауын өте қатты бақылап, тыйым салады. Министрлік тарапынан ұйымдастырылған, арнайы әрекеттер болмайды”, – деді министр. 

Сондай-ақ министр осындай әрекеттер болмас үшін заңды, жүйелі шешім тапқанын айтты. 

“Енді министрліктің жанында студенттердің құқығын қорғайтын арнайы омбудсмен болады. Ол көп студенттерге танымал белсенді азаматшамыз – Айсұлу Ерниязова. Бізде министрлікте әлі штаттық кесте бекітілмеді. Келесі айдың басында бекітуді жоспарлап отырмыз. Осыдан кейін ресми түрде хабарын береміз. Енді кез-келген ЖОО студенті министрдің жанындағы арнайы өкілетті уәкілге кез келген жағдайда құқықтар бұзылса немесе заң бұзушылық, әкімшілік шектеуден тыс әрекеттер болған жағдайда шағымдары мен ұсыныстарын білдіре алады”, – деді Саясат Нұрбек. 

Талқылау