Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хирург аяқты айқастырып отыру кімдер үшін аса қауіпті екенін айтты

Аяқты айқастырып ұзақ отыру диабетпен ауыратындар мен жүкті әйелдер үшін қауіпті. Бұл туралы "РТЖ-Медицина" Воронеж клиникасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Максим Елисеев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарарат агенттігі Вечерняя Москва порталына сілтеме жасап.

Хирургтың айтуынша, екі аяқты бір-бірінің үстіне қойып отыруды табиғи  процесс деп айтуға болмайды.

"Бұл кезде бел, жамбас бұлшықеттері дұрыс жұмыс істемей қалады. Сондай-ақ жамбас сүйектерінің бір-біріне қатысты деформациясы пайда болады. Сондықтан мұндай әдет жамбастың қисаюына, дұрыс емес дене бітімінің қалыптасуына әкеледі", - деп түсіндірді Елисеев.

Аяққа айқастыру, қысқа уақыт ішінде қан қысымының жоғарылауына, жүрек қан ағымының жоғарылауына, қанның қоюлануына және веноздық жүйеде тромбоздың пайда болуына әкеледі. Елисеев атап өткендей, қан қысымының жоғарылауы қант диабетімен, аяқ артерияларының атеросклерозымен ауыратын науқастар үшін қауіпті.

Хирург жүкті әйелдерде ағзадағы қалыпты қан ағымына қарсы кез-келген әрекет тек анаға ғана емес, сонымен бірге болашақ балаға да әсер ететінін жеткізді.

Елисеев қысқа уақыт (10-15 минут) аяқты айқастырып отыру  денсаулыққа зиянын тигізетін ауыр зардаптарға әкелмейтінін айтты. Ол отырып жұмыс істейтін адамдарға күндіз аяқтарымен көбірек қозғалуды, күніне кемінде 1,5-2 литр сұйықтық ішуді және жеңіл гимнастикамен айналысуды ұсынады. 

Талқылау