Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында асыранды балаларын ұрған ата-аналар қамқоршылық құқығынан айырылмайтын болды

Алматы облысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия өздерін асырап алған ата-анасынан таяқ жеген жетім балаларды қамқоршысына қалдыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: Polisia.kz

Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысында балалардың мүдделері мен пікірлері ескеріліп, оларды қамқоршысына қалдыру туралы шешім қабылданған.

"Қазіргі таңда ішкі істер органдары Іле аудандық ішкі істер бөліміне тіркелген материал аясында әкімшілік шара қолданып, тиісті құқықтық баға берілді. Облыс прокуратурасы облыс бойынша осыған ұқсас деректерді анықтау бойынша талдау жүргізіп, тиісті шаралар қабылдады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Алматы облысы Іле ауданындағы отбасылардың бірінде асырап алушылардың кәмелетке толмаған балаларға қатыгездікпен қараған видеосы тараған болатын. Видеоның авторы балалар 18 жасқа толып, мемлекет жәрдемақы төлеуді тоқтатқан бойда асыраушылары оларды үйден қуып шығатынын, ал олардың орнына басқа балаларды алып келетінін айтқан. 

Талқылау