Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте неке түні мұғалімді аяусыз ұрып өлтірген күдікті ұсталды

Шымкентте адам өлтірді деген күдікті ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агеттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

26 маусымда Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-на жедел жәрдем бригадасынан 30 жас шамасындағы әйел кісінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барған кезде мәйіт 32 жастағы әйелдікі екені анықталған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) СДТТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қылмыстық іс бойынша 38 жастағы азамат күдікті ретінде танылып, оған қатысты сырттай күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы таңдалып, іздеу жарияланған.

Еске сала кетсек, Шымкентте Назарбаев мектебінде жұмыс істейтін 32 жастағы әйел неке түні күйеуінің қолынан көз жұмған. Марқұмның анасы күдікті жазадан құтылып кете ме деп қорқып отырғанын жазған болатынбыз. Бұл қылмыс туралы заңгер Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасына 3 күн бұрын жазып, тікелей ҚР Ішкі істер министрінің араласуын сұраған болатын. 

27 тамызда күдікті ұсталып, Әл-Фараби АПБ-ға жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда. 

Талқылау