"Жасөспірім дәретханада түсік тастаған": Алматыда полицейлер құтқарып қалған нәрестенің жағдайы белгілі болды
Алматылық полицейлер жаңа туған нәрестені дәретханада жатқан жерінен құтқарып қалды. Дәрігерлер нәресте мен оның 17 жастағы анасының жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.
Сәбидің жағдайы қазір ауыр деп бағалануда, ал анасының жағдайы қалыпты.
“Науқас №4 қалалық аурухананың гинекология бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта жағдайы орташа қалыпты. Ал сәби Балаларға шұғыл медициналық жәрдем орталығына бүгін сағат 06:53 те жеткізілді. Жансақтау бөлімінде жатыр. Тоңып қалғандықтан жағдайы өте ауыр”, – дейді Алматы қалалық денсаулық басқармасының мамандары.
Қазіргі таңда сәбидің өмірі үшін күрес жалғасып жатыр.
Еске салсақ, Алматыда полицейлер дәретхана шұңқырында жатқан нәрестені құтқарып қалды. Анықталғандай, 17 жастағы бойжеткен дәретханада түсік тастаған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”