AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оларды ешқашан далада қалдырмаймыз": Шымкент әкімі алты мың долларға сатып алған жерлерінен айырылу алдында тұрған қандастар мәселесі туралы

Шымкенттегі “Шаңырақ” шағын ауданында үйлерін тартып алады деп далада қалудан қорқып отырған қандастар мәселесі шешімін табады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетсек, Шымкенттегі “Шаңырақ” шағынауданында қандастардың үйлері сүрілейін деп жатқан көрінеді. Атамекенге осыдан 10-15 жыл бұрын оралған олар квотаға сатып алған жер үшін соттасудан шаршадық дейді. Тұрғындар 6 мың долларға сатып алған үйлерінің 6 жылдан кейін тағы бір иесі барын білген. Енді қайда барарларын білмей отыр.

“Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары” басқармасы бір жердің екі адамға сатылғанын жоққа шығармады. “Шаңырақ” ауданы бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысына қараса 2018 жылдан бастап Шымкентке өткен. Сол себепті де екі жер телімі бір адамға сатылыпты.

Осы оқиға бойынша Шымкент әкімі пікір білдіріп, мәселенің қалай шешімін табатынын айтты. 

“Бұл жағдайды Нұр-Сұлтан қаласында жүргенде ғана білдім. Оған дейін хабарсыз болғанмын. Мәселе терең зерттеуді қаажет етеді. Бірақ маған берілген мәлімет бойынша, бұл азаматтар алаяқтардың арбауына түскен. Бұндай оқиға біздің Сайрам ауданында да болып отыр. Тұрғындар барып сотқа жүгінген. Алайда ақыр аяғында соттың шешімімен бірінші сатып алған адам жердің иесі деп танылды. Мен қалаға барған соң бұл мәселені де толық зерттеп қарап шығамын. Қандастарымызға барып көмек қолын созамыз. Оларды ешқашан далада қалдырмаймыз. Әріптестерім мен Шымкенттегі жомарт азаматтарды жұмылдырып бұл мәселені қолға аламын”, – деп жауап берді Шымкент әкімі ОКҚ-де өткен брифингте.

Қандастар “Шаңырақта” баспанасыз қалу мәселесімен 15 отбасы жапа шегіп отырғанын айтқан болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр