AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында 500 шақырымнан астам автожол жөнделеді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірде 500 шақырымнан астам автожол жөнделетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әкімнің айтуынша, елді мекендердегі 220 көше жөнделеді. 

"Көлік логистикасына қатысты айтар болсам, биыл 500 шақырымнан астам жол жөнделеді. Қазір жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 78 пайызды құрап отыр. Осы жылдың қорытындысы бойынша аталған үлесті 85 пайызға дейін жеткізу жоспарланған", - дейді әкім брифингте. 

Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған сәттен бері өңірде жалпы құны 64,9 млрд теңгені құрайтын 317 жоба қолдауға ие болды. Олардың басым бөлігі агро өнеркәсіп кешені өнімдерін өңдеуге және қайта өңдеуге бағытталған жобалар болды.

"Машина жасау, металлургия өнімдері, металл емес өнімдер және тамақ өнімдері өндірісінің ұлғаюы есебінен өңдеу өнеркәсібі 13,8 пайызға өскенін көрсетеді. Өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, таяу болашақта өсім қоры ретінде 1,8 трлн теңгеге 52 жобадан тұратын пул құрылды. Бұл жобалар облыс экономикасын одан ары индустрияландыруға септігін тигізетін 8 мың жұмыс орнын ашуға да мүмкіндік береді. Өңірдің экономикалық өсім драйвері саналатын машина жасау саласына жеке тоқталғым келеді. Автомобиль жасаудың арқасында өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі өңдеу секторының үлесі 55,6 пайызға жетті", - деді Архимед Мұхамбетов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр