Pfizer вакцинасының бір дозасы қанша теңге тұрады
2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетте америкалық Pfizer вакцинасын сатып алуға 20 миллиард теңге қарастырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Үш жылдық бюджетті нақтылау аясында денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы күреске қосымша 77 миллиард теңге сұратты. Оның ішіне вакцина сатып алуға кететін шығын да кірген.
Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәжіліс кулуарында Pfizer вакцинасын сатып алуға бюджетте 20 миллиард теңге қарастырылғанын нақтылады.
"Егер мен қателеспесем, 2 миллион адамға вакцинаның екі компонентін салу үшін 20 миллиард теңге бөлінеді", – деді Савельева.
Осылайша Қазақстан Pfizer вакцинасының бір дозасына 5 мың теңге жұмсайды.
6 сәуірдегі жағдай бойынша республикада 835 864 адам Pfizer вакцинасын салдырды.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”