Қытайдағы Boeing ұшағының құлаған орнында жолаушылардың мәйіттері табылмаған
Құтқарушылар Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағының сынықтары арасынан аман қалғандарды, сондай-ақ жолаушылардың мәйіттерін әлі тапқан жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Қытайдың орталық телеарнасы мәліметінше, іздестіру-құтқару тобы сейсенбі, 22 наурыз күні сағат 09:50-де апат орнынан апатқа ұшыраған лайнердің сынықтарын тапқан.
"Алайда әзірге із-түзсіз жоғалғандар табылған жоқ", – дейді қызмет өкілдері ұшақ құлаған жерде жолаушылардың мәйіттерінің жоқтығы туралы.
Жолаушыларды іздеу жұмыстары жалғасуда. Таулы аймақ арқылы қозғалыс үлкен қиындықтар туғызып жатқаны анықталды.
Ұшақ Куньмин қаласынан Гуанчжоуға ұшып бара жатқаны белгілі.
Қытайдағы жолаушылар ұшағының құлауы видеоға түсіп қалған
Еске салсақ, дүйсенбі, 21 наурызда Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Учжоу штатындағы Тэн уезінде Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады.
China Eastern Airlines әуе компаниясының апаты үлкен орман өртіне себеп болды. Әуе кемесінде 132 адам: яғни 123 жолаушы және тоғыз экипаж мүшесі болған.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
