AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттай ма: Вице-премьер жауабы

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жақын арада тұрғын үй бағасының айтарлықтай көтерілмейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Әрине, таяу келешекте бағаның өсетініне ешкім кепілдік бере алмайды, бірақ тұрғын үй бағасының күрт өсуіне ешқандай маңызды алғышарт көріп тұрған жоқпыз", - деді Скляр үкімет кулуарында.

Оның айтуынша, қазір баспана бағасы тұрақты, әсіресе, Ресеймен шекаралас өңірлерде. Ол жақта құрылысқа қажетті материалдардың бір бөлігі Ресейден сатып алынады.



"Бәрімізге белгілі себептерге байланысты ресейлік материалдардың бағасы қазір бізге қарағанда анағұрлым төмен. Дәл қазір отандық құрылыс материалдарын өндірушілерді қолдау үшін шара қабылдайтын уақыт. Бағам құбылып тұр. Құрылыста пайдаланылатын материалдар – негізінен бізде өндірілген", - деді ол.

Скляр тұрғын үй нарығындағы жағдайға толық баға беру үшін уақыт қажет екенін атап өтті.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қазақстандықтар ірі қалаларда баспана бағасы мен жалдау құны күрт өскенін айтқан болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр