Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда балабақшаларға кезекке тұрудың бірыңғай базасы құрылады

Қазақстанда балабақшаларға кезекке тұрудың бірыңғай базасы құрылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, әсіресе жекеменшік балабақшалар қызметінің сапасы жақсарады. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына өзгерістер енгіземіз. Оның ішінде білікті педагогтермен қамтамасыз етіп, қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау үшін, мемлекеттік тапсырыс қаражатын мақсатты жұмсау және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында талаптарды күшейтеміз", –  деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.



Сондай-ақ бірінші вице-министр балабақшаларға кезекке тұрудың бірыңғай базасын құру жоспарланғанын атап өтті.

"Ол мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орындарды бөлудің ашықтығын, қаржының дұрыс жұмсалуын және кезектің қайталанбауын қамтамасыз етеді", – деді Шолпан Каринова.

Талқылау