Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері тағы да қымбаттап жатыр

Елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы тағы да қымбаттап жатыр. Алматыда 60-тан астам дүкен заң бұзған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Қала әкімінің аппаратының отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын көтеруге қатысты ең көп заңбұзушылық Бостандық ауданында тіркелген. Бақытжан Сағынтаев босаңсып кеткен аудан әкімін қатаң сынға алды.

Қала әкімі күнбағыс пен сәбіздің шекті бағасын шығару туралы шешім шығарды. Бірақ әлеуметтік маңызы бар тізімдегі 19 тауарды қолжетімді қылуға ұзақ уақыт кетеді екен.

“Сауда нүктелеріне айтарым, осындай қиын-қыстау кезеңді пайдаланбасын. Бізде осы жайттарды реттейтін шара табамыз. Бағалардың өсуін белгілі бір мерзімге тоқтатуға  шешім шығарамыз. Бұл нарыққа қарсы шаралар деп айтуға болады. Бірақ нарық жағдайындағы түрлі келісімдер мен құқықбұзушылықтар басталса, қатаң түрде әрекет етуіміз керек”, – дейді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Алайда тексерістен өтпеген кәсіпкерлер бұлай бағаны түсіре алмаймыз деп дабыл қағады. Өйткені көтерме саудагерлер тауарды дүкендерге қымбатқа сататын көрінеді.

Әкімдіктің тексерісінен әлі өтпеген дүкен. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы: күнбағыс майы 910 теңге, бір келі қант 350 теңге. 

“Күнбағыс майының 910 теңгеге сатылу себебі, дүкенге келу бағасы үлкен компаниялардан 790 теңгеге шығып тұр. Оған 15 пайызды қосып сатып жатырмыз. 910 теңгеден төмен бағада сата алмаймыз. Өйткені дүкенге келетін үлкен шығындар бар. Сатушыларға және жалға алу шығыны бар. Әлеуметтік қант, күріш, майды 15 пайыз қосып сатып жатқан жайымыз бар”, –дейді кәсіпкер Фарида Әбішова. 

Елорданың да дүкен сөрелеріндегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы арзан емес. Әсіресе тапқан табысы жүріп-тұрысынан арылмайтындарға қиын дейді Арқадағы ағайын. Тұрақты жұмысы жоқтар мен зейнеткерлерді тіпті айтпаса да болады. Мысалы, үй жанындағы шағын дүкендерде күнбағыс майы 970- ден басталса, сәбіздің құны 200 теңге. Сол үшін де мұндағылар жалақысын алып шала байығында супермаркет себетін толтырып азық-түлік алғанды жөн көреді. 

Талқылау