Жамбыл облысында ер адам шаруа қожалығында қару-жарақ қоймасын жасырған
Жамбыл облысында тұрғын үйлердің бірінен бірнеше қару түрі және оқ-дәрілер табылды. Олардың арасында тіпті Калашников автоматы да бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.
Калашников автоматы Каменка ауылы маңындағы шаруа қожалықтарының бірінен табылды. Бұл сирек кездесетін автоматтың өзіне тиесілі патрондары да бар. Бұдан өзге қарудың бірнеше түрі тәркіленген. Бірақ оның саны айтылмады. Тек видеодан 12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығының оқ-дәрілері ғана көрінеді.
32 жастағы жергілікті тұрғынның оларды қайдан алғаны және қандай мақсатта қолданбақ болғаны әзірге белісіз. Қазір тәртіп сақшылары оны анықтап жатыр. Сондай-ақ бұл қару жарақтардың қанды қылмыстарға қатысы бар-жоғы да тексеріледі.
“Күдікті кінәсін мойындады. Аталған фактімен ҚР ҚК 287-бабы "Атыс қаруын заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – дейді Т. Рысқұлов ауданы полиция департаментінің бастығы Олжас Омарбеков.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
