AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұялы операторлар халық ақшасын қалай жеп жүр: Министр айтып берді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ұялы операторлардың интернеттің жылдамдығын азайту арқылы ақшаны қалай үнемдейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бұрын интернет сапасына қатысты сұрақтар көтерілгенде біз шара қолдана алмадық. Өйткені ең төменгі параметрлер белгіленбеді. Мен өз бұйрығыммен осы жылдың басында ең төменгі параметрлерді белгіледім. 3G үшін 1,5 Мегабит, ал 4G үшін кемінде 5 Мегабит болуы шарт. Енді тексеріс кезінде біз осы параметрлерді негізге алып отырамыз", - деді Мусин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, биыл 400-ден астам тексеру жасалды. Соның 80 процентінде интернеттің ең төменгі параметрлерін бұзу фактілері анықталды. Сол үшін ұялы байланыс операторларына айыппұл салынды. Үш-төрт айдың ішінде интернеттің сапасы көтерілмесе, айыппұлдың көлемі екі есеге артады.


Елімізде жүргізуші куәлігін алу талаптары қатаңдатылады


"Қазіргі кезде біз депутаттармен бірге айыппұлдың көлемін 100 АЕК-тен 1 000 АЕК-ке (5 917 000 теңге) дейін өсіріп жатырмыз. Бұл дегеніміз, биыл біз 400 тексерудің нәтижесінде 92 миллион теңгенің айыппұлын салсақ, он есеге өсіргеннен кейін бір жылда 1-2 миллиард теңгенің айыппұлы салынады. Бұл – өте қомақты сома. Сондықтан операторлар интернет сапасына көңіл бөледі деген сенім бар", - деп атап өтті Мусин.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр