AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Марапатқа лайықсыздар лайық па?": Атырау облысында білім бөлімінің басшысы мұғалімді желідегі жазбасы үшін сотқа берді

Атырау облысында білім бөлімінің басшысы Айбарша Қақпанбаева әлеуметтік желідегі жазбасы үшін мектеп мұғалімі Жанаргүл Шарғабаеваны сотқа берді. Оған ұстаздың "Марапатқа лайықсыздар лайық па?" деген сөзі ұнамай қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап. 

Атырау облысы Жылыой аудандық білім бөлімінің басшысы Айбарша Қақпанбаева Құлсары қалалық №7 орта мектептің мұғалімі Жанаргүл Шарғабаеваның үстінен полицияға арыз түсірген. Арызда Facebook әлеуметтік желісіндегі пост оның абыройына нұқсан келтіргені туралы жазылған.

“Әлеуметтік желідегі жазбасы арқылы себепсіз әрі негізсіз жала жауып, абыройыма нұқсан келтірді”, – дейді Айбарша Қақпанбаева.

Жанаргүл Шарғабаева өзінің Facebook парақшасында министрлік, білім басқармалары, әкімшілік пен маслихат марапатына мектеп әкімшілігі ұсынған үміткерлерді емес, аудандық білім бөлімі немесе қолында билігі бар адамдар өз таныстарын ұсынатынын жазған.

“Бұрын ұсынған қызметкерлер кезегі келген кезде марапат алатын еді. Қазір кезексіз алатын болды. Біздің ауданда да сондай жағдай. Директорларға "пәленшені марапатқа жазып жібер" деген тапсырмалар келіп жатыр”, — деп жазады Шарғабаева.

Бастауыш сынып мұғалімі өзінің үстінен жазылған арызды басшылық тарапынан жасалып жатқан қысым немесе жала жабу деп есептейді. 

Жылыой аудандық білім бөлімінің басшысы Айбарша Қақпанбаеваның айтуынша, мұғалімдерге марапат беруді тек өзі шешпейді екен.

Арнайы комиссия құрылып, лайықты ұстаздарды таңдап аламыз. Мен сол комиссияның төрайымымын. Оның айтқан сөздерімен келіспеймін, сондықтан сотқа арыз түсірдім”, — дейді Қақпанбаева.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр