Нұр-Cұлтан – Шымкент рейсінде жолаушы көз жұмды
Нұр-Сұлтаннан Шымкентке ұшқан рейсте жолаушы есінен танып қалды. Оны жан сақтау бөліміне жеткізбекші болған, алайда науқас ұшақ бортында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 14 қыркүйекте Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы рейсте болды. Ұшу кезінде экипажға жолаушының өзін нашар сезініп жатқандығы және шұғыл түрде көмек қажет екені туралы ақпарат келді.
"Жолсерік жолаушы отырған жерге келгенде, ол ес-түссіз болған. Тексеру кезінде тамыр соғысы мен тыныс алуы болмаған", – деді авиакомпания.
Бортсерік жағдай туралы әуе кемесінің командиріне есеп беріп, жолаушылар арасынан көмек сұрайды. Ұшақта болған дәрігер өз еркімен көмекке ұмтылған. Ол аға бортсерікпен бірге бортта медициналық көмек көрсету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүрек-өкпе реанимациясын жүргізеді.
Әуе кемесінің командирі сол маңға ең жақын орналасқан Жезқазған әуежайына шұғыл қонады. Әуе диспетчерлері арқылы экипаж оқиға туралы егжей-тегжейлі баяндап, жедел медициналық көмек сұрады. Алайда әуе кемесіне келген дәрігерлер науқастың өлімін анықтады.
Qazaq Air әуекомпаниясы жолаушының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
