Шымкентте компьютерлік томография кабинеті ашылды
Шымкент қаласындағы Жүрек орталығында заманауи компьютерлік томография кабинеті ашылды. Ондағы жаңа қондырғы Корея елінен арнайы әкелінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Томография кабинетін аралап көрген қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Позилов жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім санын азайтып, науқастарды дер кезінде диагностикалауда құрылғының маңыздылығын атап өтті.
Жоғары сапалы томографияны қолдану - қан айналымы жүйесінің аурулары диагностикасында, кеуде артериясына, аортаға инвазивті емес ангиография жасауда "алтын стандарт" болып табылады. КТ көрсеткен диагностикалық тапсырмаларды сапалы әрі саны бойынша да шешуге мүмкіндік береді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”