Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева: Президент бастама жасаған реформалар саяси партиялар мен азаматтық қоғам белсенділігіне серпін берді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Президент реформаларының азаматтық қоғамның дамуына серпіліс әкеліп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Балаева

Министр Қазақстанның отыз жылдағы жетістіктеріне тоқталып, осы кезеңдегі Президенттің атқарған шараларына тоқталды.

“Тәуелсіздігіміз алғаш жарияланғаннан бастап еліміздегі ішкі саяси тұрақтылық мен этносаралық татулық қағидалары біздің мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы болып келеді.

Осының арқасында егемен еліміз осы 30 жылдағы жаһандық дамуда жоталы жетістіктер мен бедерлі биіктерді тұрақты бағындырып келеді. Дегенмен, жетістікке жету бар да, оны сол деңгейде ұстап тұру бар. Бұл тек билік пен халық арасында сауатты да сындарлы байланыс орната алған қоғамда ғана мүмкін болады. Сондықтан да мемлекет әлеуметпен арадағы осы диалогты сақтап қана қоймай, өзара сенім деңгейін түсірмей оны ары қарай нығайта жетілдіру үшін үнемі қажетті шараларды қабылдап келеді”, – дейді министр.

Оның жарқын бір мысалы ретінде министр Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық келісім кеңесін атап өтті.

“Бүгінгі күні бұл тек консультативті Кеңес ресурсы ғана емес, мол интеллектуалды мүмкіндігі бар тиімді әрі әлеуетті құрылым. Мемлекет Басшысының алдыңғы Жолдауларында айтылған реформаларды нәтижелі де толыққанды іске асуына тың серпін беретін күшке айналды. Президент бүгінгі халыққа арнаған үшінші Жолдауында да елімізде жүргізіліп жатқан саяси жаңғыру реформаларын жүйелі жалғастырудың маңыздылығына ерекше мән берді. Бұл ретте, ел Басшысының Ұлттық Кеңес мінберінде көтерген бастамалары негізінде сәтті іске асқан саяси реформалар пакетін атап өтуге болады. Соның нәтижесінде, қоғамда  қордаланған көптеген маңызды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-құқықтық мәселелер өз шешімін тапты. Мысалы, аудандық деңгейдегі қалалар мен ауыл әкімдерін сайлау реформасы соның айқын да жарқын дәлелі бола алады”, – деді ол.


Президент: Балалар оқуын тастап кетіп жатыр. Бұл – қиын жағдай 


Сондай-ақ министр еліміздің 14 өңірінде құрылған 1 847 сайлау учаскелерінде өткен аталған сайлауда 2 297 үміткердің ішінен ел тұрғындары 730 жергілікті әкімдерді сайлап алғанын айтты.

“Соның ішінде, олардың 627-сі "Ауыл", "Ақ жол", ХКП, АDAL сынды саяси партиялар ұсынған үміткерлерден таңдалды. Мұның өзі, Мемлекет Басшысының бастамасымен қолға алынған реформалардың саяси партиялар мен азаматтық қоғам алаңындағы белсенділікті одан әрі жандандыруға тың серпін бергенін көрсетеді. Сондықтан да Президент бұл бағытта қолға алынған шаралардың дұрыстығына кезекті рет тоқталып, 2024 жылы тұрғындарға аудан әкімдерін сайлауға мүмкіндік берілетінін атап өтті. Мұнымен қатар, Мемлекет  басшысы, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру ісінде ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларға қолдау көрсетудің маңыздылығына назар аударып, гранттық қаржыландыру жүйесін бейімдеудің тиімді тетігін әзірлеуді тапсырды. Сөз жоқ, аталған шаралардың барлығы да саяси сауатты, демократиялық түсінігі пісіп-жетілген, әлеуметтік белсенділігі жоғары азаматтық қоғам құру жолындағы қарымды да арынды қадам деп білемін”, – деді ол.


Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап азаматтардың вакцинациядан өткен-өтпегені тексеріледі 


 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 01 Қыркүйек, 2021 19:46
Талқылау