Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент: Балалар оқуын тастап кетіп жатыр. Бұл – қиын жағдай

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында оқуын тастап кетіп жатқан балалар туралы айта келе, осы мәселені шешуді үкіметке тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

мектеп оқушылары

“Тағы бір мәселе туындады. Балалар оқуларын тастап кетіп жатыр. Бұл өте қиын жағдай”, – дейді Тоқаев. Президент үкімет осы мәселеге ден қойып, егжей-тегжейлі қарастыру қажет екенін айтты.

“Қашықтан оқыту форматына ақпараттық жүйелердің сапасын жақсарту қажет. Білім беру қолжетімді әрі инклюзивті болуы тиіс”, –деді мемлекет басшысы.

Тоқаев жастар мамандық таңдауға үлкен байыптылықпен келу қажет екенін атап өтті.

“Балаларды ерте кәсіби бағдарлау ерекше маңызға ие. Өскелең ұрпақ болашақ мамандықты таңдауға саналы түрде қарауы керек. Үкімет Атамекен Ұлттық палатасымен бірлесіп, осы маңызды міндетті шешумен айналысуы қажет”, – дейді ол.

Мемлекет басшысы тегін кәсіби және техникалық білім берілетіні туралы айтып өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары қандай артықшылықтарға ие болатынын айтты.


Тоқаев: Орыс тілін қолдануға шек қоюға болмайды 


“Осы жылы бірнеше қазақстандық оқушылар халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Дарынды балаларды жан-жақты қолдау керек. Біз оларға ЖОО-ға конкурстан тыс негізде оқуға түсу үшін грант ұсынамыз, біржолғы ақшалай сыйақылар төлейміз. Мұндай балаларды тәрбиелеген мұғалімдерді моральдық және материалдық жағынан көтермелеу қажет. Әлеуметтік жағдайы төмен балаларды қолдау өте маңызды. Бізге құлшынысы мықты педагогтар қажет. 5 жыл сайын емес әрбір 3 жыл сайын қайта оқыту жүргізілуі керек деп есептеймін. Мұғалімдер курстарды өз есебінен өтейтін жағдайларға жол бермеуіміз қажет. Қазір 255 мың орын тапшылығы болып отыр”, – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Айтуынша, егер бұл жағдай қолға алынбаса 1 миллионға дейін орын тапшылығы болуы мүмкін.

“Бұған дейін 2025 жылға дейін 800 мектеп салуды тапсырған едім. Бүгін осы осы цифрды мың мектепке дейін жеткізуді тапсырамын. Бюджет есебінен құрылыс салудан басқа, жекеменшік секторды да тартқан жөн. Жан басына шаққандағы қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшуді бастауды тапсырамын”, – деді ол. 

Талқылау