Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Орыс тілін қолдануға шек қоюға болмайды

Тоқаев қоғамдағы қазақ тілі мен орыс тілінің мәртебесі туралы айтып өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Орыс тілі – ресми тіл деген мәртебесі бар. Конституцияға сәйкес, орыс тілін қолдануға қарсылық қоюға болмайды”, – дейді президент.

Тоқаев мемлекеттік тілдің қолдану аясы жайлы пікірін алға тартты.

“Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың ең басты бағыттарының бірі. Мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңеюде. Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты тенденциясы”, – деп атап өтті ел басшысы.

Айтуынша, қазақ тілінің қолдану аясы шектеулі деп айтуға негіз жоқ.

Сондай-ақ президент әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюы тиіс екенін айтты.

“Бұл патриоттықтың басты белгісі. Біздің жастар басқа тілді жетік меңгерсе, соның ішінде орыс тілін білсе, артық болмаса, кем болмайды”, – деп атап өтті ол.

Талқылау