Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударғандарға жер телімін беру керектігін айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның оңтүстігінен солтүстігіне қоныс аударушыларға көбірек жеңілдік беруді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол үкіметке елдің оңтүстігінен солтүстігіне көшетін азаматтарға жеңілдіктер берудің қолданыстағы тетігін реформалауға тура келетінін айтты.

"Атап айтқанда, жеңілдіктер әкімдіктер арқылы ғана емес, сонымен қатар оңтүстік өңірлерден жұмысшыларды өз бетінше жалдайтын жұмыс берушілерге шығындарды өтеу арқылы берілуі мүмкін", – деді ол өз үндеуінде.

Сондай-ақ мемлекет басшысы жеке кәсіппен айналысқысы келетін қоныс аударушыларға көмек көрсетуді тапсырды.

"Біз, сондай-ақ оларға жер телімдерін беру мүмкіндігін қарастыруымыз керек. Тек үй салу үшін ғана емес, ауылшаруашылығы үшін де мемлекеттік қолдау шараларына кеңірек қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылуы керек", – дейді Тоқаев.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 01 Қыркүйек, 2021 12:19
Талқылау