AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грузия мен Әзербайжаннан көлік сатып алудың салдары қандай

Қазақстанда ел аумағына жеке пайдалану үшін шетелдік автокөліктерді уақытша әкелу жағдайы жиілеп кетті. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, олар бастапқыда жеке пайдалану мақсатында уақытша әкелінеді. Содан кейін шетел азаматы көлікті қазақстандықтарға сатады.

Комитет ақпаратына сәйкес, бұл көліктердің басым бөлігі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өткізу пунктері арқылы уақытша әкелінген. Олар шетелдік тауар болып саналады. Сондай-ақ кедендік бақылауда болады.

ЕАЭО кедендік кодексінің 264-бабының 6-тармағы және 275-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша әкелінген көліктер декларанттың, яғни әкелуді жүзеге асырған тұлғаның иелігінде болуға тиіс.

"Алайда қазір Қазақстан аумағына уақытша әкелінген көліктер кеден бажы мен салығын төлеуден, кедендік тазартудан жалтарып мемлекеттік тіркеуге қойылып жатыр. Шетел азаматтары жеке пайдалануға арналған шетелдік көліктерді әкелген соң біраз уақыттан кейін Қазақстан аумағынан кетеді. Олар негізінен Грузия мен Әзербайжан азаматтары", – делінген ақпаратта.

Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік баж бен салықты төлемей Қазақстан аумағына тіркеуге қойылған 156 көлікті анықтады.

Осыған байланысты комитет Қазақстанның барлық азаматына уақытша әкелінген көлікті кедендік баж бен салықты төлегеннен кейін ғана сатып алып, Қазақстан аумағында пайдалануға болатынын ескертеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр