Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сейфуллин Жолбарыс екінші әйелінің туған күніне тосынсый әзірлеп қуантты (видео)

Сейфуллин Жолбарыстың екінші жары Екатерина сахнада жолдасының жазған әнін орындап тыңдармандарды таңғалдырды. Әйелі Сейуллин Жолбарысқа ерекше ән мен қолдауы үшін алғысын айтты. 

Екатерина jтандық жобаның бірінде “Өмірсіз ғашық” әнін орындады. Сейфуллин Жолбарыспен “Сен емес” әнін дуэт болып орындады.

“Соңғы уақытта айтқан әндерімнің ең әдемісі деп айтсам, қателеспеймін. Браво, Сейфуллин! Нағыз талант деп осыны айт. Керемет әуен, қайталанбас әсері бар ән. Осы әнді мен айттым. Мен бақыттымын! Осы жобаға қатысқаныма қатты қуанып жүрмін! Рақмет!”, – деп жазды Екатерина. 

Жақын күндері Сейфуллин Жолбарыс жарын туған күнімен құттықтап, ерекше тосынсый әзірледі. Алдымен мейрамханада кешкі ас ішіп, кейін қонақ үйге орналасты. Бөлме ішін гүлмен көмкерді. 

“Туған күніңмен жаным! Өмірдегі бар арманың орындалсын! махаббатым менің”, – деп жазды әнші парақшасында.

Айта кетейік, Сейфуллин Жолбарыс Екатерина есімді орыс қызын екінші жар етіп алды. 2007 жылы екінші рет отбасын құрғанымен әйелін көпшілікке тек 2017 жылы таныстырды. Бірінші некеден бір қыз, бір ұлы бар. Екінші некеде екі қызы өсіп келеді. 


STAN.KZ
Сәрсенбі, 25 Тамыз, 2021 10:19
Талқылау