Нұр-Сұлтанда ер адам интернет арқылы танысқан қызды бірінші кездесуде тонап кетті
Нұр-Сұлтанда ер адам интернет арқылы танысқан қызды бірінші кездесуде тонап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәліметтер бойынша, қыз "Badoo" танысу қосымшасында бір жігітпен танысқан. Желідегі қарым -қатынастан кейін жастар кездесуге шешім қабылдады.
"Кездесу кезінде жігіт өзін агрессивті ұстады, қыздың қолынан ұялы телефонды тартып алып, жоғалып кетті. Дәл сол күні шабуылдаушы мобильді банкингті пайдаланып, сауда жасаған. Келесі күні ол ұрланған Samsung 12 телефонын сатып жіберген”, – деді баспасөз қызметі.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 28 жастағы күдіктіні ұстады. "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Жас жігіттің елордада дәл осындай қылмыс жасағаны үшін іздеуде екені анықталды, 2021 жылдың ішінде ол кем дегенде тағы бір қарақшылық шабуыл жасап, әйелден екі ұялы телефон ұрлаған.
Қазіргі уақытта ұсталған адамның ұқсас, бұрын жасалған қылмыстарға қатысы анықталуда ", – деп толықтырды департаменттен.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан полиция бөлімі азаматтарды сақ болуға шақырды.

"Түрің түрмеден шыққан адам сияқты": Қоғамдық көлікте ер адам қазақстандық арудың сырт келбетіне тиісіп, ескерту жасаған (видео)
