Алматы әлемдегі ең арзан қалалардың бірі болып шықты
Алматы күтпеген жерден әлемдегі өмір сүру үшін ең арзан қалалардың бірі екені анықталды. Қазақстанның ең ірі қаласы 133 қаланың ішінен 129 орынға ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Рейтингті британдық сарапшылар жасаған. Мамандар 140-қа жуық тауарлар мен қызмет түрлерінің бағаларын салыстырды. Бұның ішіне тұрғын үй, азық-түлік, алкоголь, ойын-сауықты мекемелерін жалға алу құны мен коммуналдық тарифтер кірген.
Әлемдегі өмір сүру үшін ең қымбат қалалар тобына Цюрих, Париж және Гонконг кірді. Төртінші орында Сингапур тұр. Ал ең арзан қалалар ретінде Ташкент пен Дамаск танылды. Қазақстандық қалалардың ішінен рейтингке тек Алматы ғана енген. Ол венесуэлалық Каракас пен замбиялық Лусаканың алдында орналасқан.
Ал егер Алматыда және Қазақстанның басқа да өңірлерінде бағаларды салыстыратын болсақ, картина мүлдем керісінше екенін байқаймыз. Қалада өмір сүру еліміздің стандарттарына сәйкес қымбат болып есептеледі. Мысалы, егер тамақ өнімдері туралы айтатын болсақ: жұмыртқа алматылықтарға 40%-ға, ұн 29%-ға, ал сары май 15%-ға қымбатқа түседі.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
