Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мониторинг топтары студенттер мен мұғалімдерді тексеретін болады

Білім беру мекемелерінің мұғалімдері мен қызметкерлерін, сондай-ақ жатақханада тұратын студенттерді вакцинациялау талаптарының сақталуын бақылау үшін Қазақстандағы мониторингтік топтардың өкілеттіктері кеңейтілетін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. 

"Карантиндік режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету үшін білім беру объектілерінің мұғалімдері мен қызметкерлерін вакцинациялауға, студенттердің жатақханаларда, білім беру ұйымдарының асханаларында орналасуына қойылатын талаптардың сақталуын бақылау бойынша мобильді топтардың өкілеттіктерін кеңейту қажет", – дейді Цой. 



Министр барлық мекемелерде санитарлық талаптар сақталуы қажет екенін айтты. 

"Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне білім беру объектілерінде, жатақханалардағы, асханалардағы студенттік резиденцияларда карантиндік шаралардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету бойынша мониторингтік топтардың жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету қажет. Мектептерге, оқу ғимараттарына, кітапханаларға, жатақханаларға кіре берісте Ashyq қосымшасының қолданылуын және оқу ғимараттары мен жатақханалардың талапқа сай болуын қамтамасыз етуі қажет", – деп қосты Цой. 

Еске салсақ, осыған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында мектеп, колледж және университеттерге қандай талаптар қойылатынын айтқан болатын. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр