AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Керуен-сарай" тағы да туристерге жақпай қалды: Желі қолданушылары кешендегі қураған ағаштарды қызу талқылауда

Түркістандағы “Керуен-сарай” кешеніндегі қурап кеткен ағаштар тұрғындардың шамына тиді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ағаш

“Әдемісі әдемі, бірақ отырғызылған ағаштардың 80%-ы қурап кеткен. Оларды асфальтпен жауып тастаған, мынандай ыстықта су құйылмайтыны көрініп тұр. Қандай аянышты. Мұндай солып қалған ағаштар туристерді үркітеді ғой”, – деп жазыпты желі қолданушысы. 
 

Ағаштардың не себепті қурап қалғаны жайлы облыс әкімдігінің өкілдері пікір білдірді. Олардың сөздеріне сүйенсек, талдарды "Эко Лайф" ұйымы отырғызған. 

“Кешеннің ашылуына асығып, ағаштарды техникалық талаптарды елемей отырғыза салған. Мұны ұйымның өздері мойындап отыр. Осы күзде қураған талдардың орнына жаңа көшеттер отырғызу жоспарланған. Бұған қоса, климатқа сай емес ағаштар таңдалғаны белгілі болды. Қаржылық шығындарды өздері өтейді”, – дейді Түркістан облысының әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов. 

Сонымен қатар ол кей ағаштар өніп, тіршілігін жалғастыруда екенін алға тартты. Жаңадан қанша көшет отырғызылуы керек екені сараптамадан кейін анықталады. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр