Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қабырғалары пенопластан жасалған": Түркістандағы "Керуен Сарайдан" тағы шу шықты

Түркістандағы "Керуен – сарайдың" құрылысына қатысты тағы да шу шықты. Желі қолданушысы ғимараттың керегелері пенопластан тұрғызылғанын жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Қоғам белсендісі Шыңғыс Лепсібаевтың Facebook-тегі жазбасына сәйкес, 87 млн теңге жұмсалған кешеннің сыртқы қаптамалары жылға жетпей бүліне бастаған, ғимараттың керегелері жеңіл пенопластан салынған. 

Түркістан қаласының әкімдігі кешенге жауаптыларға ескерту жасалғанын атап өтті. 

"Жеке инвестиция есебінен салынғандықтан, әкімдік құрылыс жұмыстарына қадағалау жүргізе алмайды. Дегенмен6 желіде тараған келеңсіздікке байланысты "Керуен сарай" кешенінің әкімшілігіне қайта қалпына келтіру бойынша ескерту берілді", – делінген қала әкімдігінің баспасөз хабарламасында. 



Ал жоба құрылысына жауаптылар кешеннің мемлекеттік стандартқа сай салынғанын алға тартады. Ондағылар құрылыс жаңа технология негізінде жүргізілді деп отыр. Айтуларынша, ғимараттың тек сыртқы қаптамасы ғана пенопласт. Одан келер еш қауіп жоқ көрінеді.

"Біздің "Керуен-сарай" кешеніміз негізі пенопластан тұрғызылмаған. Ол – монолит және газоблоктардан құрастырылған. Ал әлеуметтік желілерде видео немесе суреттегі сынған жерлер ол бізде бір багги барып соққан электрокар, яғни соның әсерінен құлаған. Ол декоративті материал болып табылады. Бүкіл әлемде ол қолданылады. Ешқандай қауіп жоқ", – деді Түркістан қаласы "Кереуен Сарай" кешенінің өкілі Абай Қарақұлов.

 

Талқылау