AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Демалыс күндері автобус жұмысына тыйым салудың не пайдасы бар: Денсаулық сақтау минстрлігі түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жұмысына тыйым салудың мәні неде екенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін елордада автобустар жұмыс күндері және сенбі күні жұмыс істеп, тек жексенбі күндері ғана жүрмейтін. 

Есмағамбетоваға брифингте: "Жаңа қаулы бойынша санитарлық дәрігер астанада тек жексенбі ғана емес, сенбі күндері де қоғамдық көліктің жұмысына тыйым салды. Коронавирус неге адамдарға жұмыс күндері жұқпайды. Бірақ неге демалыс күндері соншалықты қауіпті болып кетеді? Жай күндері қарбалас уақытта қандай да бір әлеуметтік қашықтық туралы сөз болмайды. Бұл қаншалықты орынды?”, – деген сауал қойылды. 

Есмағамбетова бұл жағдайда көп нәрсе азаматтардың өзіне байланысты екенін жеткізді.

"Барлық нәрсенің өзімізге тікелей байланысты екенімен келісетін шығарсыздар. Қоғамдық көлікке толымдылығы бойынша қойылатын талаптар бар, ондағы жолаушылар маска тағып отыруы керек. Бірақ бұл талаптарды бәріміз бірдей орындай бермейміз. Қазіргі уақытта аурушаңдық өсіп, өлім-жітім көбейіп жатыр, өңірлерде денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс көп жүктеме артылды.

"Бұл шектеу шаралары Денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені жеңілдетуге арналған. Шектеу шараларының тиімділігі өткен шектеу кезеңімен салыстырғанда дәлелденді. Демалыс күндеріндегі шектеу шаралары демалыс күндері халықтың аз жиналып, вирустың таралуын азайтуға бағытталған", – деді Есмағамбетова.

Ол коронавирустың дельта штаммы әлдеқайда жұқпалы екенін атап өтті. Сондықтан комитет басшысының айтуынша, қабылданған карантиндік шектеулер өте маңызды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр