AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаңа шектеулердің кесірінен тағы да құрдымға кетеміз": Қазақстандық кәсіпкерлер

Қоғамдық тамақтандыру қауымдастығы елдегі карантин тәртібінің күшейтілгеніне наразылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өйткені оларға сағат кешкі 8:00-ге дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген. Рестораторлар соның кесірінен елдегі қоғамдық тамақтандыру орындарының 40 пайызы қазірдің өзінде жабылудың алдында тұрғанын айтты.

“Онда несіне Ashyq жүйесі енгізілді? Бізді не үшін вакциналап жатыр? Бүкіл талапты орындасақ та, бізді тағы шектеп қойды. Оның үстіне жасырынып жұмыс істейтін жерлер көбейді. Онсыз да бәрі қазіргі режимге үйренді емес пе?! Түн ортасына дейін ешкім жүрмейді. Жүретіндері сол, есікті іштен құлыптап қойып жұмыс істейтін жерлерге барады”, – дейді қоғамдық тамақтандыру қауымдастығы төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісова КТК арнасына берген сұхбатында. 

Сондықтан олар үкіметтік комиссия карантинді күшейту туралы шешімін қайта қарау керек дейді. Әйтпесе кешкі 8:00-ден кейін жабылатын болған соң, табыстың 90 пайызынан қағылып жатыр екен. Оның үстіне қызметкерлерін вакциналау уақытының да тым тығыз екені қосымша қиындық тудырған. Бірақ оның мерзімі қайта қаралатын болды. Десе де, жұмыс уақытына қатысты ондай жеңілдік жоқ.



Елде ковид жұқтырушылар қатарының тым өсіп кетуінен үш ірі қала мен 11 өңір "қызыл" аймаққа енгізіліп, елде карантин күшейтілді. Алайда бір елорданың өзінде екі аптада карантин төртінші рет қатаңдатылып жатса да, еш нәтиже болмай отыр.

“Астана” арнасының ақпараты бойынша, Кәсіпкерлер елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауынанан енгізілген жаңа шектеулерге байланысты жалға беру ақысы мен коммуналдық қызметтерді төлеуден босатуды талап еттіп отыр.  Рестораторлардың айтуынша, өткен жылғы қатаң карантиннен кейін қоғамдық тамақтандыру орындарының үштен бірі қайта ашыла алмаған. Жұмыс уақытын қысқарту тағы 30 пайыз мекеменің жабылуына әкеледі. 

Дәмханалар мен мейрамханалардың иелері жаңа шектеулерден абдырап қалғанын айтады.

“Біз вакцинациядан өттік. Персоналдың 65-70% вакцинацияланған. Біз вакцина аламыз, "Ashyq" бағдарламасы бойынша жұмыс жасаймыз, "қызыл" немесе "сары" дәрежедегі адамдарға жол бермейміз. Біздің жұмысымызға неге шектеу қойылған?” – дейді азық-түлік қоғамдық бірлестігінің төрайымының кеңесшісі Вероника Нұрпейсова. 

Жаңа шектеулерге байланысты кәсіпкерлер оларды салықтан, коммуналдық қызметтерден және үй жалдаудан босатуды талап етуде. Қоғамдық тамақтандыру мекемелерінің жұмысын 20.00-ге дейін қысқарту, тауар айналымын 70 пайызға азайтады дейді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр