Коронавирус жұқтырған науқастар ауруханасы өртеніп, 54 адам қаза тапты
Ирактың оңтүстігінде Ди-Кар провинциясындағы Эн-Насирия қаласында коронавирус жұқтырған науқастарға арналған ауруханадан өрт шықты. Қаза болғандар саны 54 адамға дейін жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Бұған дейін 38 адамның ажал құшқаны хабарланған еді.
Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, ауруханадағы өрт оттегі баллонының жарылуынан болған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады, бірақ кейбір науқастар әлі ауруханадан шыға алмай отыр.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, араб республикасының премьер-министрі Мустафа аль-Казыми трагедия орнына аттанды. Денсаулық сақтау департаменті провинцияда төтенше жағдай жариялады.
Қазір Ирактың оңтүстігінде аптап ыстық, сынап бағанасы күндіз көлеңкелі жерде 50 градусты көрсетеді.
Иракта коронавируспен ауыратындарға арналған ауруханада өрт алғаш рет болып отырған жоқ. Сәуір айының соңында Багдад қаласында "Ибн аль-Хатыб" ауруханасы өртеніп, 82 адам көз жұмды, тағы 11 адам жарақат алды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”